Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Жеңіл табыстың» ауыр зардабы: Алматыда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

kz.kursiv.media

«Жеңіл табыстың» ауыр зардабы: Алматыда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

Есірткі саудасы арқылы тез әрі оңай олжаға кенелуді көздеген тағы бір азамат ұсталды. Алматы қаласының Медеу ауданында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз зат таратумен айналысты деген күдікпен 29 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Тәртіп сақшылары жүргізген тінту кезінде күдіктіден оқшаулағыш таспамен мұқият оралған ондаған түйіншек тәркіленді. Сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, түйіншектердің бір бөлігіне марихуана салынған. Қалған бөлігінен синтетикалық есірткі заттары анықталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, бұл заттар қала аумағында жасырын орындарға («закладка») тығу арқылы халық арасында таратылуға дайындалған.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол бұл заңсыз іске осыдан бір ай бұрын кіріскен. Ол ғаламтор арқылы курьерлік жұмыс тауып, тапсырыс берушілердің нұсқауымен есірткіні жасырын орындарға орналастырумен айналысып келген.

Тез арада байып кетуге уәде беретін мұндай заңсыз ұсыныстардың соңы әрдайым қылмыстық жауапкершілікпен және бостандықтан айырылумен аяқталады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Бұған дейін Жамбыл облысында Алматыға 8,5 келі гашиш тасыған жүргізуші ұсталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар