Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Daryn.online платформасына қатысты тексеруді аяқтады

kz.kursiv.media

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Daryn.online платформасына қатысты тексеруді аяқтады

Жасанды интеллект министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «Daryn.online» білім беру платформасында пайдаланушылардың дербес деректерінің тарап кеткені туралы ақпаратқа байланысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады.

Тексеріс қорытындысы бойынша, желіде жарияланған 4,2 миллион жазбаның таралу фактісі расталған жоқ. Министрліктің мәлімдеуінше, платформаның жүйесінде жалпы саны 90 мыңнан астам ғана жазба сақталған, сондықтан мұндай көлемдегі деректің әшкереленуі мүмкін емес.

Дегенмен, тексеру барысында заңнама талаптарын бұзу және деректерді қорғау шараларын тиісінше орындамау фактілері анықталды. Осыған байланысты «Daryn.online» ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жеке сектордағы өзге де компанияларға дербес деректерді қорғау заңын қатаң сақтауды ескертеді. Негізгі талаптар:

Заң талаптары орындалмаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Айта кетейік, осыған дейін Daryn.оnline платформасының 4,2 млн қолданушысының дербес дерегі тарап кетуі мүмкін деген ақпаратты Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тексеріп жатқаны туралы жазған едік. Кейіннен платформаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар