Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Субұрқаққа шомылу өте қауіпті!

kz.otyrar.kz

Субұрқаққа шомылу өте қауіпті!

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін және бүкіл кезеңінде су қоймаларының суы мен жағажайлардағы құмның талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Жаз айының ортасы кәзір аптап ыстық, суға түсу шомылу және ұйымдастырылған демалыс уақытында демалыс аймағында шомылу қыза түсуде. Жылы күндермен қатар қалаларда субұрқақтар жұмыс істей бастады.

Жаздың ыстық күндері қала тұрғындары, әсіресе балалар, субұрқақтарға шомылады, өйткені ыстықта субұрқақтардың суы соншалықты тартымды және таза болып көрінеді. Алайда, субұрқақтағы су қосымша тазартудан немесе дезинфекциядан өтпейді. Бұл суда барлық шаң, жаңбыр ағынды сулары жиналады.

Ыстық болған кезде — су әлдеқайда тез қызады және микробтардың қарқынды көбеюі үшін қолайлы орта ретінде бұған қоса бұған су алмасудың болмауы және судың жаңаруы ықпал етеді. Сонымен қатар, субұрқақтарда көгершіндер, торғайлар, қаңғыбас жануарлар шомылады. Мұндай суда микробтар үшін қолайлы орта туындайды, бұл өз кезегінде ішек инфекцияларының, энтеровирустық және паразиттік аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, субұрқақтар шомылуға арналмаған, оларда жарақат алуға болады, өйткені олар қатты материалдардан, көптеген сатылардан, өткелдерден жасалған. Су субұрқақтардың барлық беттерін өте тайғақ етеді, бұл жарақат алу қаупін айтарлықтай арттырады.

Субұрқақ бассейнінің астында электр жүйелері жүргізілгендіктен, тоқ ұру қаупі бар. «Субұрқақтар іске қосылғалы бері оның жанына балалар көп жиналуда. Әдетте, олардың көпшілігі қауіпсіздік ережелерін ескермей, жұмыс істеп тұрған субұрқақта шомылады. Жауапты мамандар үнемі балаларға да, олардың ата-аналарына да суға түсуге болмайтынын және оның қауіпті екенін түсіндіріп жатыр. Онда жарақат алу қаупі жоғары, өйткені олар қатты материалдардан, көптеген сатылардан, өткелдерден жасалған. Бұл жарақат алу қаупін айтарлықтай арттырады. Осы ретте, электр жүйелері қосылған түрлі құрылғылары бар сұбурқақтарға балаларға түсуге болмайтынын қауіпті екенін қатаң түрде ескертеміз», —

Субұрқақтарда шомылу ғана емес, қолды, жемістерді жууға да болмайды.

Субұрқақтардың негізгі қызметі — халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін резервуар ретінде емес, эстетика үшін және ауаны ылғалдандыруға арналған.

Жалпы қаладағы субұрқақтардағы су шомылуға арналмаған. Оның құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады. Сол арқылы әр түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Мамандар жыл сайын жазда, мамырдан қыркүйек­ке дейінгі айларда, вирустық санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштердің бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын ала отырып, субұрқақ кешендеріндегі су сапасына мониторинг жүргізеді.

Н.М.Сурашова,

Әл-Фараби СЭББ

маманы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар