Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Қырғызстанда UIM F1H2O чемпионаты гран-при кезеңінің ашылуына қатысты

kz.kursiv.media

Тоқаев Қырғызстанда UIM F1H2O чемпионаты гран-при кезеңінің ашылуына қатысты

Қырғызстан тарихында тұңғыш рет су-моторлы спорт түрінен UIM F1H2O әлем чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы спорт мерекесі гран-при кезеңінің салтанатты ашылуына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысқан.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.

Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

A post shared by Aqorda (@akordapress)

Бұған дейін Тоқаев Ыстықкөлдегі «Баку» қонақүйінің ашылу салтанатына қатысқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар