Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ертең +44°С градусқа дейін аптап болады

kz.kursiv.media

Ертең +44°С градусқа дейін аптап болады

Қазгидромет 11 тамызға арналған ауа айы болжамын жарялады. Оған сәйкес атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстікте +44°С градусқа дейін аптап болады.

Сонымен бірге ел бойынша бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. 11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы болжанады.

Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасының негізгі фоны батыста және орталықта +27…+39°С, Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25…+35°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында +30…+42°С, оңтүстігінде +37…+44°С болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар