Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балалардың сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздік талаптары

kz.otyrar.kz

Балалардың  сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздік талаптары

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді. Негізгі мақсат — жұқпалы аурулардың алдын алу және балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай жасау.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы балаларды сауықтыру ұйымдарын дайындау жұмыстары белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.

Жазғы маусым басталар алдында міндетті түрде:

Сонымен қатар ұйымдарда өндірістік бақылау қамтамасыз етіліп, ол зертханалық зерттеулер мен балалардың болу жағдайларын тұрақты бақылауды қамтиды.

Балаларды сауықтыру орталықтары эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандар қатарына жатады және олардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Аталған құжатты алу үшін су сапасы, топырақ пен құмның жағдайы, үй-жайлардағы микроклимат пен жарықтандыру деңгейі секілді көрсеткіштер бойынша міндетті зерттеулер жүргізіледі.

Барлық зертханалық зерттеулер аккредиттелген зертханаларда жүзеге асырылады.

Санитариялық талаптарды сақтау — балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысының кепілі.

Р.Ж. Сапарбекова,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының СЭББ бөлім басшысы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар