Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Қытай бірлескен әуе компаниясын құруды көздейді

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Қытай бірлескен әуе компаниясын құруды көздейді

Астана мен Бейжің бірлескен әуе компаниясын құруы мүмкін. Ұсыныс көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен «Urumqi Airlines» әуе компаниясының вице-президенті Чжан Лян кездесуінде талқыланды.

Жүздесу барысында Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа – Алматы бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстер ашу жоспары сөз болды.

Ластаев Өскемен және Семей қалаларына, сонымен бірге алдағы уақытта Зайсан мен Катонқарағайдағы жаңа өңірлік әуежайларға рейс ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Бастама туризмді дамытуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деп есептейді Көлік министрлігі.

«Urumqi Airlines» әуе компаниясы Қытайда өндірілген COMAC C909 әуе кемелерін пайдаланады. Осыған байланысты тараптар Қазақстанда COMAC әуе кемелерін қолдана отырып, өңірлік тасымалдарды жүзеге асыратын бірлескен өңірлік әуе компаниясын құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру мүмкіндігін талқылады.

«Әуе компаниясы Зайсан, Катонқарағай және туристік әлеуеті жоғары басқа да қалаларға рейстер орындауға мүмкіндік береді», – деп хабарлайды министрлік.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.

Urumqi Airlines – 2014 жылы құрылған, штаб-пәтері Үрімші қаласында орналасқан Қытайдың әуе компаниясы. Компания HNA Aviation тобының құрамына кіреді.

Әуе компаниясының паркінде 20 әуе кемесі бар (Boeing 737-800 және COMAC C909). Сонымен қатар тағы 40 COMAC C909 әуе кемесін жеткізуге тапсырыс берілген.

Компания Қытайдың батыс және орталық өңірлерінде 46 ішкі рейсті орындайды.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің аяғында Алматы мен Измир арасында тікелей әуе рейсі ашылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар