Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 57-ге жетті

turkystan.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 57-ге жетті

Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналында хабарланды. «Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 13:30-дағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам — жалпы 57 науқас тіркелді» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бүгін таңертең елордада тағы 2 адам кесел жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар