Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ауди" көлігінде кетіп бара жатқан бұзау желінің жұлдызына айналды

astanatv.kz

Ауди көлігінде кетіп бара жатқан бұзау желінің жұлдызына айналды

Қызылжарда "Ауди" көлігінде кетіп бара жатқан бұзау желінің жұлдызына айналды. Облыс тұрғыны көліктің артқы орындығын алып тастап, тірі бұзауды мінгізіп алған. Оның көлік терезесінен адамдарға тесіле қараған сәтін жолаушылар телефондарына түсіріп алыпты. Қалаға кіріп бара жатқан көліктегі жануар жан-жағына жалтақтайды. Тәртіп сақшылар ерекше жолаушысы бар көлікті анықтап, көше бойынан тоқтатыпты. "Ауди" көлігінің жүргізушісі малды ауылдан қалаға сатуға алып келе жатқанын айтыпты. Арнайы көліктің болмағанын түсіндірген. Алайда, бұл оны жазадан құтқара алмады. Полиция шамамен 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттепті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар