ДДҰ пандемияның әлі аяқталмағанын мәлімдеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйлеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс COVID-19 вирусының қауіптілігі туралы еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның пандемиясы тіркелген жағдайлардың азаюына қарамастан әлі аяқталмаған. «Біз қырағылықты өз тәуекелімізбен төмендетеміз. Тестілеуден және секвенирлеуден бас тарту вирустың эволюциясын байқамайтынымызды білдіреді», -деді ДДҰ басшысы. Ол табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны ковидке қарсы әлі күнге дейін вакцинацияланбағанын атап өтті. «Тіркелген жағдайлар тестілеу көрсеткіштері төмендеген барлық аймақтардағы 70-ке жуық елде артып келеді», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта әлемде маймылдар шешегін жұқтыру жағдайларының саны артып келеді. Маймыл шешегі тіркелген елдердің саны 15-ке жетті. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 14
-
- Қазан, 10
-
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
25 маусым 2026
25 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар