Маңғыстауда тұмаумен ауырған оқушы мектепке кіргізілмейді
Маңғыстау облысындағы мектептер мен балабақшаларда эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Тұмау немесе ЖРВИ белгілері анықталған балалар сабаққа жіберілмей, ата-анасы келгенше дереу оқшауланады. Бұл туралы өңірлік білім басқармасының басшысы Клара Құлатаева мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.365info.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Білім беру ұйымдары үш сағат сайын сыныптарды желдетіп, ылғалды тазарту жүргізуге, температуралық режимді сақтауға және санитайзерлердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Бірқатар мектепте бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылды, ал кейбір ұйымдарда маска тағу режимі енгізілді.
Клара Құлатаева Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігерінің 2025 жылғы 20 қарашадағы №1 қаулысына сәйкес, сынып оқушыларының 30%-дан астамы ауырғанда, жағдай тұрақталғанға дейін сабақ онлайн форматқа ауыстырылатынын еске салды. Медициналық қызметтер балалардың денсаулығын және күнделікті сабаққа қатысу деңгейін бақылауды жалғастыруда.
Ата-аналарға балаларында алғашқы ауру белгілері байқалғанда мектепке жібермеу және сауығып шыққаннан кейін міндетті түрде медициналық анықтама әкелу ескертіледі. Сондай-ақ баланың неліктен сабаққа келмегені туралы ақпаратты сынып жетекшісіне ата-ананың өзі хабарлауға тиіс.
«Балалардың денсаулығы – басты басымдық. Ата-аналардан алдын алу шараларына түсіністікпен қарауды және ауырған баланы сабаққа жіберіп, қауіп төндірмеуді сұраймыз», – деп атап өтті білім басқармасы.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 20
-
- Қараша, 14
-
- Қазан, 10
-
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
- Желтоқсан, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2025