Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дипломаттардың отбасы мүшелеріне Швейцарияда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құжат мақұлданды

inform.kz

Дипломаттардың отбасы мүшелеріне Швейцарияда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құжат мақұлданды

«Заң жобасының мақсаты – осы келісімнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу. Бұл құжатты ратификациялау Қазақстанға және Швейцарияға өз дипломатиялық өкілдіктеріндегі, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктеріндегі, сондай-ақ консулдық мекемелеріндегі қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне екі мемлекет аумағында ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруына қатысты мәселелерді өзара негізде шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда-экономикалық серіктестірінің бірі болып отыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. Осы орайда ол келісімді ратификациялау елдер арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға оң әсерін тигізетінін айтты. Құжат аясында өз елдерінің дипломатиялық қызметінде жұмыс істеу үшін шетелге жолданатын Қазақстан мен Швейцарияның дипломатиялық қызметтері персоналының отбасы мүшелеріне қолайлы жағдай жасалмақ. «Шарт Қазақстанның заңнамасына, еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарға, мемлекетіміз мүше болып саналатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар