Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҰҚК өкілі ШҚО-дағы Ресеймен "шекара сызығы әлі белгіленбеген" аумақ туралы айтты

azattyq.org

ҰҚК өкілі ШҚО-дағы Ресеймен шекара сызығы әлі белгіленбеген аумақ туралы айтты

ҰҚК шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы Ресеймен шекарада демаркация жасалмаған шамамен 300 шақырым жер бар. Бұл жерде Ресеймен шекара сызығын белгілеу жұмыстарының баяу жүруіне табиғи жағдайлар кедергі жасап отыр."Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында даулы аумақтар жоқ. Қытай халық республикасымен мемлекеттік шекара мәселесі толық шешілген. Қырғызстанмен да мәселе жоқ. Түркіменстанмен барлық мәселе шешілгенмен ратификация ғана қалды. Ресеймен мәселелер шешіліп жатыр. Ол жерде тек Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандары ғана қалды. Ол жерде әзірге жұмыс істеу қиын. Бірақ жұмыс жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Уақытында аяқталады деп ойлаймын" деді Ерлан Алдажұманов.Оның айтуынша, ШҚО-да "жұмыстың шамамен 50 пайызы аяқталған".– Негізі жұмыс екі кезеңнан тұрады: бірінші кезеңде мемлекеттік шекараға жазбаша сипаттама беріледі. Екінші кезеңде сол мемлекеттік шекараға барып, сызықтарын анықтайды. Яғни, сызық өтетін жерлер белгіленеді. Сол себепті климат пен аумақ рельефін ескере отырып, жұмыстар біртіндеп жүріп жатыр. Былтыр Шемонаиха ауданындағы жұмыстар аяқталған. Одан кейін Семей облысында (Абай облысы – ред.) тәмамдалды. ШҚО бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Шамамен 50 пайыз жұмыс қалды, – деді Ерлан Алдажұманов.Қазақстан мен Ресей шекарасының ұзындығы – 7598,8 км. Бұл әлем бойынша құрлықтағы ең ұзын шекара.(Ақпарат толықтырылады).
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар