«ТМД-дағы денсаулық және адам құқықтары апталығы» атты мемлекетаралық іс-шара өтті
«ТМД-дағы денсаулық және адам құқықтары апталығы» атты мемлекетаралық іс-шара өтті. Биылғы шараның маңыздылығы ерекше, себебі Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен 2026 жыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Денсаулық сақтау жылы болып жарияланды. Бұл бастама халық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Апталық аясында Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен арнайы кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында психикалық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Кездесу барысында орталықтың нарколог дәрігерлері мен мамандары студенттерге темекі, алкоголь және психоактивті заттардың адам ағзасына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жастар арасында буллинг, күйзеліс, эмоционалдық тұрақсыздық және тәуелділіктің алдын алу мәселелері де кеңінен түсіндірілді.
Мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, психологиялық тепе-теңдікті сақтау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша кеңестер айтты. Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерлерден нақты жауап алды.
Осындай профилактикалық кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамда психикалық саулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алып, олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады
- Соңғы
- Маусым, 01
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Мамыр, 29
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2026