Әлемде тұмаудан жылына 650 мыңға жуық адам көз жұмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, жыл сайын маусымды тұмау ауруынан әлем бойынша 290 мыңнан 650 мыңға дейін адам көз жұмады, деп хабарлайды "Хабар 24". Биыл жыл басынан бері АҚШ-тың өзінде осы аурудан 10 адам жан тапсырды. Статистика бойынша, Англияда жылда орта есеппен 17 мың адам қаза табады. Коронавируспен салыстырғанда екі айдың ішінде бұл кесел 2 мыңнан астам адамның өмірін қиған. Оның басым бөлігі Қытайдың Хубей провинциясында. Ал Жапония, Франция мен Филиппинде бір адамнан көз жұмды. Көбінесе коронавирустан егде жастағы науқастар мерт болып жатыр.
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2026
16 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар