Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Қазақстанда 14 адам карантинде жатыр

inform.kz

Шығыс Қазақстанда 14 адам карантинде жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 14 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлім етті. «Өңірде 20 ақпаннан бастап 1А санатындағы елдерден келген 79 адам карантиндік стационарға жатқызылған. Бүгінде оның 65-і шығарылды. Яғни, қазір карантинде 14 адам қалды. Олардың арасында Қытайдан, Италиядан, Германиядан және Оңтүстік Кореядан келгендер бар. Үйде 8 адам оқшауланған», - дейді ол. Басқарма басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да күніне 100 мың дана медициналық маска шығарылатыны хабарланған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар