Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алуы мүмкін

kznews.kz

Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алуы мүмкін

Коронавируспен күресте Қазақстан Қытай вакцинасын да сатып алуы мүмкін. Қазір келіссөз жүргізіліп жатыр. Ал наурыз айының соңында қолданысқа шығуы тиіс отандық екпеге әлемнің ешбір елінен тапсырыс түспеген. Дегенмен мамандар шетелден бұрын, өз тұрғындарымызды вакцинамен қамтыған маңыздырақ деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы айтты. Жаннат Сатыбалдиева, ҚР ДСМ Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі: – Қазақстан вакцинасына әзірге тапсырыс түспеген. Тіпті өз еліміздегі тұрғындардың басым көпшілігін егу мәселесі тұрғанда, шетелге сату жағы қисынсыз. Оның үстіне шетелдіктерден тапсырыс түсе қалса, өндіріс қуатын арттыру мәселесі туады.