Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағанды облысында жас ұстаздардың форумы өтті

inform.kz

Қарағанды облысында жас ұстаздардың форумы өтті

Форум жас мұғалімдер үшін пікір алмасып қана қоймай, жетістікке жеткен адамдар мен өз қатарластарының ойын біліп, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Шараның арнайы қонағы ретінде жетістікке жеткен қарағандылық белгілі азаматтар сөз сөйледі. Суретші, халықаралық «Атом» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков білім берумен қатар, оқушылардың бойында мейірім, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді дамытудың маңызын ерекше атап өтті. Тақырыптық алаңдарда мұғалімдер білім берудегі басты мәселелерді талқылап, бірлесіп шешім іздеуге мүмкіндік алды. Жас ұстаздарға Педагогикалық шеберлік орталығы мамандарының сабақ құрылымын зерттеу, функционалды сауаттылықты арттыру, SAMR технологиясы сияқты маңызды тақырыптар бойынша тренингтер ұсынылды. Қарағанды облысының атынан тамыз айында республикалық жас мұғалімдер форумына қатысқан педагогтер де өз білгенін ортаға салып, сабақ беруде қолданатын түрлі әдіс-тәсілдерін бөлісті. Ал Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологтары өткізген тренингте мұғалімдер эмоционалды интеллектінің маңызы жайлы біліп, эмоцияны тану және басқарудың жолдарын меңгерді. Мұғалімдердің білімі мен білігін арттыруға арналған дәрістерден бөлек, қызықты уақыт өткізіп, демалуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Жас педагогтер спорттық ойындар ойнап, сурет салып, фильм дыбыстады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024