Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ауыл мектебі» жобасы…

zhambylnews.kz

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ауыл мектебі» жобасы…

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ауыл мектебі» жобасы аясында Сарысу аудандық Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебіне барып түсіндірме жұмыс жүргізді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мәселесін қозғаған болатын. Осы орайда аймақтық әкімдіктер «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін есепке ала отырып, орта білім беру ұйымдарында оқытудың, бағалаудың, тәрбие беру жұмыстарының инновациялық тәжірибелері мен технологияларын енгізу қарастырылған. Сарысу ауданы Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде мыңнан аса оқушы оқып, жүзден аса ұстаз жұмыс жасауда. Тараздағы Зияткерлік мектебі «Ауыл мектебі» жобасы аясында 4 бағыт бойынша жұмыс жасауға әзір, олар: Тәжірибе алмасу; Көшбасшылар тәжірибесі, кездесуі; Жазғы мектеп; Халықаралық олимпиадаларға оқушыларды дайындау, бағыт-бағдар беру. Сондай-ақ, кітапханамен жұмыс, яғни кітапхана оқушылардың зерттеу жұмыстарына үлкен көмек көрсетуі тиіс. Жиын барысында ауыл мектептеріне оқушылардың оқу үлгерімін мониторинг арқылы тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге үлкен басымдық берілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» эксперт, аға менеджері Жайна Жарасқызы ұстаздарға кәсіби өсумен, жаңа ақпарат алуға әр ұстаз дайын болу керек екендігін атап өтті. – Жиыннан алған мәліметтер өз мектебімізге енгізуге өте қолайлы деп ойлаймын. Мониторинг арқылы оқушыларымыздың білім деңгейінің жоғары не төмен екені көз алдымызда тұрады. Біздің мектептің ұстаздары үшін оқушылардың білім сапасы маңызды, біздің мектепті таңдап жаңашылдыққа үйретуде атсалысып жатқандарыңызға рахмет, – деді Сарысу аудандық Балтабай Адамбаев атындағы тірек мектеп директорының орынбасары. Бағдарламаға сай қатысушылар мониторингті бағалау жағдайында оқу жетістіктерін критериалды/модульдік құрылымды бағалау, мұғалімнің кәсіби дамуы: кері байланыстың мұғалімнің кәсіби дамуына әсері, пәнаралық байланыс және интеграциялық сабақтарды өткізу, сабақта іс әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру, кітапхана қызметінің оқу үрдісіне әсері туралы толыққанды ақпарат алды. Жиын мақсаты жаңартылған оқу бағдарламасын тиімді жүзеге асыру, оқыту мен бағалауды жетілдіру, мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету, тәрбие жұмысындағы жобалар, кітапхана қызметінің тәжірибесі және мектеп әкімшілігі тағлымдамасын ұйымдастыру болып табылады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024