Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ашық есік күні аясында жүздеген алматылық онкологтардың кеңесін алды

almaty-akshamy.kz

Ашық есік күні аясында жүздеген алматылық онкологтардың кеңесін алды

Өткен сенбіде Алматы онкологиялық орталығында өкпе, асқазан, ұйқы безі, қуық асты безі қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Аталған шара аясында кеуде және құрсақ қуысының қатерлі ісігіне күдікпен 23 адам компьютерлік томографияға жіберілді. 44 науқас іш қуысының ультрадыбыстық диагностикасынан өтті. Мұндай іс-шаралар қоғамның назарын онкологиялық аурулар проблемасына аудару үшін, онкологиялық қырағылық пен халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау, скринингтік бағдарламаларға қатысудың маңыздылығы туралы хабардар ету мақсатында өткізіледі. Орталық онкологтары қатерлі ісік ерте сатысында анықталса, 95% дерлік жағдайда емдеудің жоғары нәтижесіне қол жеткізуге болатынын қайталаудан жалықпайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қаңтар 2025