Жамбыл облысы бойынша 130 жас мұғалімді біріктірген Форум

Тараздағы «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» өңірлік форумын Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов ашып берді. Өзінің жас маман болып алғаш жұмыс бастаған күнін есіне алып, өз естелігімен бөлісіп жас ұстаздарға сәттілік тіледі. Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актеры, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты, əдебиет саласының үздігі, театр жəне кино актеры Ақүрпеков Кенен Сəкенұлы жас ұстаздарға өз арманына қалай жеткені туралы, мақсатының айқын болғанын айтып, қандай іс бастасаңда алға ұмтылу қажет деді. Сонымен қатар, армрестлингтен ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 2 дүркін Əлем чемпионы, Азия жəне Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Сейдіш Сандуғаш Аймұратқызы спорттағы жетістіктеріне ең бірінші өз-өзіне сенімділік арқылы жеткенін жеткізді. Мұндай мотивациялық алғы сөздер қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Форум барлық қатысушыларды біріктірген «Біз – бір командамыз» тренингімен жалғасты. Оқыту мәселелерін талқылау бойынша тақырыптық алаңдарындағы тренингтерден жас ұстаздар біршама ақпарат алды. – Бұл форумға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын, себебі өзім сияқты жас мамандармен кездесіп, таныстым. Озық тәжірибені үйрену және мамандықтағы жаңа идеяларды анықтауға мүмкіндік алдым, — ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Тәттібаева. Форум саз және сурет шеберханасында, хореография залдарында «Active spot» шарасымен жалғасты. Іс-шара жұмысы «Форум барометрі» кері байланысымен аяқталды.
- Соңғы
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 09
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 шілде 2025
7 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар