Періштелердің белгісі: Сағаттағы сандар сәйкестігі сізге не айтқысы келеді?

Олай болса, қай санның не айтқысы келетінін біле жүрейік. Caravan.kz медиа-порталы нумеролог Құралай Бақыттың кеңесін білді. Егерде сағатыңызда 1 саны жиі қайталанып тұрса, ойда ұстап жүрген, үнемі сізді алаңдатып жүрген мәселеңіздің басқа да нұсқалар бар. Сізге соны қарастырып көру артық етпейді. 2 саны сізге дәл қазіргі таңда тоқтамай еңбек ету қажет екенін білдіреді. Қазіргі уақытта оған жетерлік күш қуатыңыз бар. 3 санын көрсеңіз армандарыңыз оңай, жылдам орындалатын кез келді дей беріңіз. Бұл уақытта көбірек дұға, тілек айтып жүрген лазым. 4 саны сізге "аздап кідір" деп айтады. Эмоцияға берілмей, асығып-аптықпай ойланған жөн. 5 саны ауқымды өзгерістің белгісі. Жұмыс орнын немесе тұрақты мекенжайыңызды ауыстыруыңыз мүмкін дегендей. 6 санын көруіңіз тек қана материалдық дүниелерге басымдық беріп кеткендігіңізбен байланысты. Бұл сізге "рухани құндылықтарды да ұмытпаңыз" деген белгі. Дәл осы сәтті, дәл осы жерді сезініп өмір сүре біліңіз. Бірнеше 7 санының кездейсоқ алдыңыздан шығуы жақсы белгі. Жан дүниеңіз баланста деген сөз. Мұны біз "Періштелер сенімен мақтанады" деп те атаймыз. Періштелер сізді қолдап жүр. 8 саны сәттіліктің белгісі. Өміріңіздің жаңа бір кезеңі басталуы да мүмкін. Қазір сіздің жолыңыз болатын уақыт. Алдыңыздан 9 саны шыға берсе маңайыңызға қарайлаңыз. Қайырымдылықпен айналысқаныңыз жақсы. Айналаңызда сіздің көмегіңізге мұқтаж адам болуы мүмкін. 0 бір шеңберде айналып жүргеніңізді білдіреді. Тоқтап, ойланғаныңыз дұрыс. Сіздің сабақ алып, әрі қарай жылжуыңыз қажет.
- Соңғы
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 09
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 шілде 2025
7 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар