Токиода биыл сакура ерте гүлдеді

Сейсенбі күні Токиода сакураның гүлдеу маусымы мерзімінен бұрын басталды. Сакура ағаштары 1953 жылдан бері бұлай ерте гүлдемеген, деп хабарлайды Kyodo агенттігі. Жапония метеорология агенттігі Токиода кеше түстен кейін алғашқы сакура гүл ашқанын хабарлады. Гүлдену маусымы биыл әдеттегіден 10 күн, былтырғыдан алты күн ерте басталды. Бір қызығы, сакураның гүлдеуі Жапонияның басқа қалалары мен префектураларына қарағанда Токиода мерзімінен бұрын басталған. Жылы ауа райына байланысты биыл ел бойынша сакура маусымы әдеттегісінен ерте басталады. Сакураның гүлдеу маусымында Токиодағы Уэно паркі сияқты саябаққа келушілер коронавирус шектеулері алынуына байланысты үш жылда бірінші рет саябақта тамақтанып, демала алады. Дегенмен Токио үкіметі ел азаматтарына вирустың қайта оралу қаупін ескертіп, мұндай жиындардан бас тартуды ұсынды.
- Соңғы
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 09
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 шілде 2025
2 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар