Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл еліміздегі 19 университет шетелдегі этникалық қазақтарға 1 300 білім грантын ұсынады

ktk.kz

Биыл еліміздегі 19 университет шетелдегі этникалық қазақтарға 1 300 білім грантын ұсынады

«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, 2023-2024 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасында. Құжатта жазылғанадай, ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ тұлғалар үшін еліміздің 19 жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантура бағыты бойынша білім алуына 1 300 грант берілмек. Бұған қоса, оларға тілдік дайындығын күшейту үшін отандық 8 университет 200 орын бөледі. Ал, өзге шетел азаматтарына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы саны 50 грант (магистратура мен докторантура ) ұсынады. Сонымен қатар, Түрік Республикасының және өзге түркітілдес елдердің талапкерлеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қабырғасында білім алуы үшін тағы 200 грант берілуі мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін ведомство басшысы Саясат Нұрбек қол қойып, ресми жарияланған күні күшіне енеді. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024