Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраулық дәрігерлер көлікте жалғыз болған 1 жасар баланы өлімнен аман алып қалды

ktk.kz

Атыраулық дәрігерлер көлікте жалғыз болған 1 жасар баланы өлімнен аман алып қалды

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 10 маусымда болған, деп жазады kazinform.

«Анасы көлікте 1 жасар баласын қалдырып кеткен. Көлікке қайта оралғанда, баласы ес-түссіз жатқанын көрген. Сол себептен, баласын жақын маңдағы перзентханаға апарған. Перзентханаға жедел жәрдем бригадасы жедел жетті. Медициналық тексеру кезінде баланың терісі қызарып, ісінгені анықталды. Дене қызуы 40 градустан асып, жүрек соғысы жиілеген. Қалтырау белгісі байқалған», - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Оның айтуынша, перзентхананың неонатолог-дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал, жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері Ғали Зинуллаев пен Айгүл Бисенбиева реанимациялық іс-шараны жалғастырған.

«Бір жасар баланың өмірін сақтап қалу үшін қосымша педиатриялық бригада жіберілді. Педиатрияда халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірілген жүрек-өкпе реанимациясының әдістерін қолдану мен кәсіби дағдыларды көрсетудің, үйлесімді ұжымдық жұмыстың нәтижесінде баланың өмірін сақтап қала алдық. Бірақ ата-аналарға балаларын аптап ыстықта көлікте қалдырудың қауіпті екенін ескерткіміз келеді», - деді Наргиз Абдрахманова.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 маусым 2024