Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Плазма – өмірдің қайнар көзі: донорлардың рөлі және қауіпсіздік кепілі

kaz.365info.kz

Плазма – өмірдің қайнар көзі: донорлардың рөлі және қауіпсіздік кепілі

6-10 қазан аралығында Халықаралық плазма туралы хабардарлық апталығы (IPAW – International Plasma Awareness Week) өтіп жатыр. Бұл жаһандық бастама – плазманың адам өмірін сақтаудағы және түрлі ауруларды емдеудегі маңызды рөліне назар аударып, пациенттерді, донорларды, дәрігерлер мен фармацевтикалық сала өкілдерін біріктіретін іс-шара.

Әлемдік Takeda фармацевтикалық тобының құрамына кіретін «Такеда Қазақстан» компаниясы да осы бастаманы қолдап, плазма донорлығының өмірлік маңызын және плазма негізіндегі препараттарды өндірудегі инновациялық технологиялардың рөлін атап өтті.

Плазма – қанның негізгі құрамдас бөлігі, ол көптеген ауыр ауруларды емдеуде таптырмас ресурс болып табылады. Ол төмендегі жағдайларда қолданылады:• алғашқы иммундық тапшылықтар;• қан ұюының бұзылыстары;• тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну;• ауыр жарақаттар, күйіктер мен инфекциялар.

Плазма тек созылмалы аурумен ауыратын науқастарға ғана емес, төтенше жағдайларда өмірлік маңызы бар препараттарды өндіру үшін де қажет. Плазмаға деген сұраныс жыл сайын артып келеді, сондықтан донорлардың үлесі орасан зор — оларсыз плазмадан алынатын дәрілердің өндірісі мүмкін болмас еді.

Қауіпсіздік – басты басымдық

Takeda компаниясы – плазмадан жасалатын дәрілік препараттарды өндіру бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі. Компания қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін қолданады.

Негізгі кезеңдер:• Донорларды мұқият іріктеу: әрбір донор инфекциялық ауруларға тексеріліп, медициналық талаптарға сәйкестігі анықталады.• Плазманы жан-жақты тестілеу: донорлық плазма АИТВ және В, С гепатиті секілді вирустарға қарсы көп сатылы тексеруден өтеді.• Вирустарды инактивациялау және жою: өндіріс барысында қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін арнайы технологиялар қолданылады.• Сапаны бақылау: дайын өнім қосымша зертханалық сынақтардан өтіп, әрбір серия тәуелсіз сараптамамен тексеріледі.

Фармацевтикалық индустрияның соңғы 25 жылда қалыптастырған осы кешенді жүйесі – плазма препараттарын қабылдайтын миллиондаған пациенттерді бұрыннан белгілі және жаңа вирустардан сенімді қорғап келеді.

Донорлар – өмір сыйлаушылар

«Халықаралық плазма туралы хабардарлық апталығы – әрбір донордың көптеген адамдардың өмірін сақтап қалатынын еске салады. Біз өз өнімдеріміздің қауіпсіздігі мен сапасына аса мән береміз және әлемдегі барлық донорларға адам өміріне қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс білдіреміз», – деді «Такеда Қазақстан» ЖШС директоры Михаил Владимиров.

Болашаққа бағытталған міндет

Takeda сирек және созылмалы аурулармен күресіп жүрген пациенттерге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру үшін инновацияларды дамытуды және донорлық мәдениетті ілгерілетуді жалғастыруда.

Халықаралық плазма туралы хабардарлық апталығы аясында компания тағы да өз миссиясына адалдығын дәлелдеп, ғылыми жетістіктер мен донорлардың адамгершілік үлесін біріктіре отырып, адам өмірін сақтауға арналған игі істерін жалғастырып келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар