Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иранда наразылықты қолдаған актриса қамауға алынды

azattyq.org

Иранда наразылықты қолдаған актриса қамауға алынды

Иран билігі аймақтарды шарпыған наразылықты қолдағаны үшін 38 жастағы Таране Алидустиді қамады. Ислам революциясы сақшылар корпусына жақын "Тасним" агенттігі оның "тәртіпсіздікті қоздыру" және "жалған ақпарат тарату" бойынша күдікке ілініп отырғанын хабарлады.The Guardian басылымы Алидустиді өз буынындағы ең ықпалды актрисалардың бірі деп атаған. Ол кино саласында бірнеше беделді сыйлыққа ие болған, 2017 жылы Оскар алған "Коммивояжёр" фильмінде негізгі кейіпкерді сомдаған.Иранда жаппай наразылық басталғаннан кейін Алидусти Инстаграм парақшасында манифестанттарды қолдаған жазбалар жариялаған. Солардың бірінде актриса "әйел, өмір, азаттық" деген жазуы бар плакатпен хиджабсыз суретке түскен. Жазбаға миллионнан астам лайк қойылды.Ұсталмай тұрып актриса наразылыққа қатысқаны үшін дарға асылған Мохсене Шекаридің қазасы туралы жазған. Қантөгісті үнсіз бақылап отырған кез келген халықаралық ұйым адамзатты ұятқа қалдырады, деп жазды ол. Қазір оның Инстаграм парақшасы жабық тұр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар