Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Чехияда президент сайлауында отставкадағы генерал жеңіске жетті

azattyq.org

Чехияда президент сайлауында отставкадағы генерал жеңіске жетті

Чехияда президент сайлауының екінші туры өтіп, отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті.Екінші турда оның қарсыласы бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш болды. Павелға сайлауға қатысқандардың – 58 пайызы, Бабишқа 42 пайызы дауыс берген.Премьер-министр Петр Фиала, көрші Словакия, Австрия Петр Павелді жеңісімен құттықтады. Ол наурыз басында инаугурациядан кейін қызметіне кіріседі.Петр Павел қазіргі президент Милош Земанды алмастырады. Сарапшылар ЕО-ға мүше ел басшыларының арасында ресейшіл көзқарасымен ерекше көзге түскен Земанның 24 ақпаннан кейін Ресейге қатысты көзқарасын күрт өзгертіп, Мәскеуді сынай бастағанын айтқан.Петр Павел - Чехия және бұрынғы совет блогының құрамында болған елдер тарихында НАТО-ның әскери комитетін басқарған ( 2015–2018 жылдары) тұңғыш әскери қызметкер. Ресейдің Украинаға басқыншылығын қатаң айыптаған, Чехияның Батыспен қарым-қатынасы күшейгенін қолдайды. Оны негізінен оңшылдардың жақтастары, консервативті және либерал көзқарастағы адамдар қолдайды.Бұрынғы премьер-министр, миллиардер Андрей Бабиш – қазір елдегі ірі оппозициялық партияға жетекшілік етеді. "Еуроодақтан дотация алу кезінде алаяқтық жасады" деп айыпталған Бабишті бұған дейін сот ақтап шыққан. Бабиш сайлаушыларының басым бөлігін зейнеткерлер мен табысы аз адамдар құрайды.Чехияда президент сайлауының алғашқы туры 13-14 қаңтарда өткен. Сол кезде Павел мен Бабиш шамамен бірдей дауыс жинаған, бірақ екеуінің де жинаған дауысы 50 пайызға жетпеді.Чехия – парламенттік республика, мемлекет басшысының өкілеті шектеулі. Бірақ елде президент қызметі зор құрметтеледі және ықпалы да жоғары. Петр Павел 1993 жылы Чехословакия бөлінгеннен кейінгі Чехия Республикасының төртінші президенті болады. Бұған дейін Чехияны экс-премьер Милош Земан (2013–2023), бұрынғы премьер Вацлав Клаус (2003-2013), бұрынғы диссидент, драматург Вацлав Гавел (1993–2003) басқарған. 2013 жылға дейін Чехияда президентті парламент сайлаған, кейін тіке сайлау құқығы қалпына келтірілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024