Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Алдағы майданда жеңіске жетуіне тілектеспін": Медеу Арынбаев Дәулет Тұрлыхановтың ұлы туралы оқиғаға пікір білдірді

kaz.caravan.kz

Алдағы майданда жеңіске жетуіне тілектеспін: Медеу Арынбаев Дәулет Тұрлыхановтың ұлы туралы оқиғаға пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. “Еліміздің біртуар ұлы Дәулет Болатұлы жайындағы соңғы жаңалықтар елдің талқысына түсіп жатыр. Осы жағдайға байланысты жеке ойымды білдіргім келеді. Қай ата-ана баласын жаман болсын деп тәрбиелейді? Әрине, тек жақсы болсын дейді. Қазіргі таңда баланың құқығын қорғау мақсатында емес, жан-жақтан жазылып жатқан пікірлер Дәулет ағамызға келіп тіреліп тұр”, –дейді өнер иесі. Оның ойынша, бұл – сайлау алдындағы азғындық әрекеттердің бірі. Сондай-ақ әнші қазақстандық спортшыға қолдау білдіріп, көпшілікті істің байыбына бармай, шешім шығармауға шақырды. “Бұл да бір сайлау алдындағы жасалып жатырған арандатушылық іс-әрекет болуы әбден мүмкін. Барлық істің байыбына барып, жауабын күтейік. Болған оқиғаны сіздер де, біз де өз көзімізбен көрген жоқпыз. Мен әркез Дәулет Болатұлын қолдаймын! Алдағы майданда жеңіске жетуіне тілектеспін! Елімізге жасаған еңбегін, спорттағы ерлігін ескере отыра, бұл жағдайды сабырмен саралағанымыз жөн болар деп ойлаймын”, – деп жазды Медеу Арынбаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар