Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ-ге түсетін түлектер емтихан тікелей эфирден көруге болады

kz.kursiv.media

ІІМ-ге түсетін түлектер емтихан  тікелей эфирден көруге болады

Енді ІІМ-ге түсу үшін емтихан тапсырып жатқан түлектердің жаттығуын ата-аналары тікелей эфирден көріп отырады. Министрлік жоғары оқу орындарына қабылдау процесін «Qyzmet-Police.kz» ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматқа ауыстырып жатыр.

«15 шілдеден бастап талапкерлер тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға кіріседі. Барлық сынақтар бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ата-аналар сынақ барысын жеке қатысып бақылай алады» – деп хабарлайды Polisia.kz. –

Түлектер нормативтерді жоғары оқу орындарында емес, кандидаттардың тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде тапсырады. Әрқайсысының орындалуы бейнежазбаға түсіріледі. Ал аяқталғаннан кейін әр үміткердің материалдары тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жіберіледі. Комиссия ҰБТ нәтижелерін қарайды, құжаттарды зерделейді және конкурстық көрсеткіштер негізінде ғана шешім қабылдайды.

Биыл ІІМ-і жоғары оқу орындарына 1250 орын бөліп отыр, оған 4000-ға жуық талапкер үміткер.

«Сыйақы үшін оқуға түсуге көмектесемін, процесті жеделдетемін немесе қандай да бір мәселені шешіп беремін деген адамдарға сенбеңіздер. Өз уақыттарыңыз бен қаражаттарыңызды сақтаңыздар! Бүгінде барлық негізгі шешімдер цифрлық жүйеде қабылданады, әрбір кезең тіркеледі. Балаларыңыз бұл ақпаратты жеке кабинеттерінен көре алады, ал қабылдау науқанына қатысушылардың әрекеттері тексеріледі», – деп ескертеді ІІМ өкілдері

Тағы да оқыңыз: Елдегі алғашқы ЖИ университетке қалай түсуге болады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар