Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-та «Киллиан диктатор» образындағы қазақстандықты стадионға кіргізбеді

kz.kursiv.media

АҚШ-та «Киллиан диктатор» образындағы қазақстандықты стадионға кіргізбеді

«Киллиан диктатор» образындағы қазақстандық Артур Асқарұлын күзетшілер стадионға кіргізбей қойды.

АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиумде» одан костюмін шешуді талап еткен. Өйткені, қауіпсіздік қызметкерлеріне жоғарыдан әскери киіммен ешкімді кіргізбеуге пәрмен келген.

«Мені «Киллиан диктор» костюмімен стадионға кіргізбеді. Менің көңіл күйім жақсы еді. Бәрі келіп, фотоға түсіп жатты. «Қазір контент болады, асыр саламыз» деп ойладым. Жоқ. Күзетшілер бірінен кейін бірі келіп, жібермеді. Супервайзерді шақырдым. Ол келіп: «Бұл – әскери костюм. Сыртқа қалдыруыңыз керек. Бұйрық солай. Сізді кіргізе алмаймыз», – деді. «Диктатор Мбаппе деген жазудан саясат көрді», – деп шағымданды Артур Асқарұлы.

Оның айтуынша, мұнда тұрған дәнеңе жоқ, бұл әзілді Франция құрамасының өзі қолдайды. Артур стадионда голдарды да, алаңды да түсіруге рұқсат бермейтінін атап өтті. Өзінің ешкімге кедергі келтірмейтінін айтып, бұл жайттарға наразылық білдірді. Тіпті, операторларға да оны түсіруге тыйым салынған көрінеді.

Артур Асқарұлы стадион қызметкерлерінің талабын орындап, матчты көру үшін костюмді шешуге мәжбүр болған.

Айта кететін жайт, Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппені «диктаторға» теңеген футбол мемдері әлеуметтік желіде қаптап кетті.

Публикация от Artur Askaruly (@archibaaall)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар