Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ерлан Нығматулиннің серіктесі қаржы орталығында қос компанияны тіркеді

kz.kursiv.media

Ерлан Нығматулиннің серіктесі қаржы орталығында қос компанияны тіркеді

Кәсіпкер Ерлан Нығматулиннің (Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бауыры) серіктесі Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) екі жаңа компанияны тіркелді. Бұл туралы экономис Арман Батаев жазады.

Олар: кипрлік «Imperiyumcy Holdings Limited» компаниясы құрған «YDD Holding Ltd.» мен швейцариялық Asterium Holding AG-ға тиесілі «AFA Holding Ltd.» компаниясы.

«Imperiyumcy Holdings Limited» компаниясы Қарағандыда ферросилиций шығаратын «YDD Corporation» ЖШС зауытын Нығматулинмен бірге теңдей иелік етеді. Vlast сайтының мәліметінше, бұл кипрлік компания үлесінің 84%-ы Давид Кемертелидзеге, ал қалған 16%-ы Швейцария азаматы Ольга Симаковаға тиесілі.

Өз кезегінде «Asterium Holding AG» компаниясы Екібастұзда ферросилиций зауыты жобасын жүзеге асырып жатқан «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС-нің, сондай-ақ Қарағандыда кокс, құю өнімдері мен ферроқорытпа өндірумен айналысатын «Asia FerroAlloys» ЖШС-нің тең құрылтайшысы саналады.

Бұған дейін Екібастұз әкімдігі Нығматулинге тиесілі зауыттан миллондаған теңге өндіріп алуға ниетті екенін хабарлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар