6,5 млрд теңгеге тендер: Алматыда совет заманынан қалған мектеп бұзылады
Алматы билігі Мамыр ықшам ауданында 1989 жылғы №158 мектепті бұзып, орнына 900 оқушыға арналған жаңа ғимарат тұрғызады. Құрылысқа 6,5 млрд теңгенің тендері жарияланды.
Әуезов ауданында орналасқан үш қабатты ескілеу мектептің орнына жаңасын тұрғызу туралы тендерді Алматы қаласы Құрылыс басқармасы 14 шілдеде түстен кейін жариялады. Лот құны – 6 501 023 382 теңге.
Жобаны талқылау 16 шілдеде аяқталып, сол сәттен бастап өтініш қабылдау басталады. Құрылыс компаниялары арызын 21 шілдеге дейін өткізе алады.
Тендер құжаттарына қарағанда, жеңімпаз ескі ғимаратты сүріп, оның орнына 900 орындық жаңа мектеп салуы тиіс. Ол да үш қабатты болады, бірақ аумағы кеңейеді. Құрылысқа 22 ай берілген. Жаңа ғимарат 2028 жылғы жаңа оқу маусымына дейін дайын болуы тиіс.
1989 жылы салынған орта мектеп 576 оқушыға арналған. Алайда, мектеп төлқұжатына қарағанда, онда 1263 оқушы білім алып келген. Олар екі ауысыммен оқыған.
Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мекеме жаратылыстану және математика пәндерін тереңдетіп оқытады. Штатта 124 қызметкер бар. Ғимарат Мамыр ықшам ауданы, Степная көшесі, 8 үй мекенжайында орналасқан.
Қала билігінің ескірген 20 мектептің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатқаны көктемде мәлім болған. Мегаполисте барлығы 360 мектеп жұмыс істейді. Оларда 357 мыңнан астам оқушы білім алады.
Айта кетейік, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласында жүр. Ол әуежайда халықаралық физика олимпиадасының жеңімпаздарын әуежайдан күтіп алған.
- Соңғы
- Шілде, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 шілде 2026