Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алаяқтар зейнеткерлерді банкте тортқа салынған петарданы жаруға мәжбүрлеген

kz.kursiv.media

Алаяқтар зейнеткерлерді банкте тортқа салынған петарданы жаруға мәжбүрлеген

Павлодарда ерлі-зайыпты зейнеткерлер алаяқтардың талабы бойынша банк бөлімшелерінің біріне петарда салынған торт әкеліп, оны тұтатқан, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Өңірлік полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, банктің бір бөлімшесінде петарданың жарылуы туралы хабарлама 15 шілде күні сағат 16.00 шамасында түскен.Зейнеткерлердің телефон алаяқтарының құрбаны болғаны анықталды. Бұған дейін олар жалған инвестициялық жобаларға ақша салып, алаяқтардан зардап шеккен екен. Алаяқтар ерлі-зайыптылармен қайтадан байланысқа шыққан.

«Бұған дейін салынған қаражатты қайтару сылтауымен, психологиялық қысым жасау әдістерін қолдана отырып, олар зейнеткерлерді торт пен петарда сатып алуға көндірген. Алаяқтардың нұсқауын орындаған зейнеткерлер торттың ішіне салынған петарданы тұтатқан», – деп хабарлады полиция.

Оқиға салдарынан қарт ер адам мен әйел жеңіл жарақат алған. Полиция күдіктілерді іздестіруде, бірнеше қылмыстық іс қозғалып, әзірге тек дропперлер ұсталған. Полиция ерлі-зайыптылардың ақшасын қайтаруға шара қабылдап жатқанын жеткізді.

Бұған дейін, 94 жастағы кейуананың 1 млн теңгесін жымқырғандар ұсталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар