Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Черногория жанкүйерлері «Қайрат» футболшыларының ұйқысын бұзды

kz.kursiv.media

Черногория жанкүйерлері «Қайрат» футболшыларының ұйқысын бұзды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының Черногориядағы маңызды матчы алдында жергілікті жанкүйерлер қазақстандық команда орналасқан қонақүй маңында шу шығарып, футболшылардың тыныштығын бұзды. Түн ортасында ұйымдастырылған бұл әрекет команданың толыққанды демалуына кедергі келтіруді көздеген сияқты.

Бұл оқиға туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз хатшысы Арман Жақсығұлов өзінің жеке Instagram парақшасында хабарлады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасының сторисіне түн ортасында, нақтырақ айтсақ, түнгі 01:38-де түсірілген сурет пен видеоны жүктеген. Кадрда қонақүйдің терезесінен сырттағы тас қараңғы түн мен атылып жатқан отшашулардың көрінісі бейнеленген.

Баспасөз хатшысы бұл жағдайды қысқа әрі нұсқа сипаттап өткен:

«Қарсыластың жанкүйерлері ұйқы бермейді» – деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін қазақстан уақытымен сағат 00:00 де «Қайрат» сырт алаңда «Сутьеска» командасымен ойнайды. Алғашқы ойын Алматада өтіп, «Қайрат» 2-1 есебімен жеңіске жеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар