Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда тауда адасып кеткен бозбала аман табылды

kz.kursiv.media

Алматыда тауда адасып кеткен бозбала аман табылды

Түнгі уақытта Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында адасып кеткен жасөспірімдерді табылды.

ҚР ТЖМ «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары байланысқа шықпай қалған жасөспірімдерді іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.

Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы хабарлама түскеннен кейін іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу аумағын анықтауға олардың бірінің бұған дейін жіберген бейнежазбасы негіз болды. Байланыстың болмауына және геолокацияны анықтау мүмкін еместігіне қарамастан, құтқарушылар таулы аумақты жедел түрде тексерді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде төрт жасөспірім Терра алаңы маңында, тау лашығынан жоғары орналасқан жерде табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз түрде тау соқпағымен төменге түсіріп, ата-аналарына тапсырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар