Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент гарнизонында сержанттарға құрмет көрсетілді

kz.otyrar.kz

Шымкент гарнизонында сержанттарға құрмет көрсетілді

Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінде Сержанттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, бөлім ардагерлері және жеке құрам қатысты.

Іс-шара барысында әскери тәртіпті нығайтуға, жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға және қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға елеулі үлес қосқан сержанттар марапатталды. Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелер көрсетіп, қызмет барысында кәсібилігімен ерекшеленген бірқатар сержанттарға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген бөлім басшылығы сержанттар құрамының әскери ұжымдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың жас сарбаздарды тәрбиелеудегі, әскери тәртіпті сақтаудағы және бөлімнің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді. Мерекелік іс-шара әскери қызметшілерге ізгі тілектер айтылып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар