Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағайға қасынған қоңыр аюдың бейқам тіршілігі экологтарды сүйсіндірді (видео)

kz.kursiv.media

Қарағайға қасынған қоңыр аюдың бейқам тіршілігі экологтарды сүйсіндірді (видео)

Екі аяғымен тік тұрып, арқасын қарағайдың діңгегіне үйкелеген аюдың бейқам тіршілігі табиғат жанашырларын сүйсіндірді. Фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде тіршілік етеді.

Мемлекеттік парк қызметкерлері өте сирек кездесетін көріністің куәсі болды. Экологтардың әлеуметтік желіге жариялаған видеосында денелі аю үлкен қарағайдың діңгегіне арқасын ұзақ үйкелеп, қасынып болған соң өз жөнімен қорбаңдап кетіп бара жатыр.

A post shared by Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)

Экологтардың кейінгі жылдары Жоңғар Алатауында жүргізген фототұзақ және мониторинг жұмыстары Тянь-Шань қоңыр аюының жиі кездесетінін және санының артып келе жатқанын көрсетті.

Парк қызметкерлерінің айтуынша, қоңыр аю жаз мезгілінде белсенді тіршілік етеді. Бұл уақытта ол қыста жоғалтқан күш-қуатын қалпына келтіріп, май қорын жинай бастайды. Аю көбіне таңертең ерте және кешкі салқын уақытта қорек іздейді.

«Жазда аюлар көбінесе өзен-көлдердің маңында, қалың орман мен альпілік шалғындарда мекендейді. Ыстық күндері салқын, көлеңкелі жерлерде немесе бұлақтар мен өзендердің жағасында демалады», – деп түсіндірді ұлттық парк мамандары.

Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) Қызыл кітапқа енген. Ол Қазақстанда сирек кездесетін, саны азайып бара жатқан жануарға жатады. Елде аюдың осы түрін аулауға 1978 жылы тыйым салынды. Мемлекет тарапынан қатаң қорғалатын жыртқыш Халықаралық Қызыл кітапқа да енген.

Бұған дейін Kursiv.Media Ертіс орманында суатқа келген сілеусін фототұзаққа түсіп қалғаны туралы жазған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар