Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Open AI ақылды колонка дайындап жатыр

kz.kursiv.media

Open AI ақылды колонка дайындап жатыр

Open AI компаниясы ақылды колонка дайындап жатыр. Гаджет ChatGPT базасында жұмыс істейді, иесінің жеке көмекшісі тәрізді болады деп жазады Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл құрылғыны үйде «ақылды көмекші» тәрізді пайдалануға болады. Ол музыка қояды, сұрақтарға жауап береді, мессенжерде хабарлама жібереді, басқа да тапсырмаларды орындай алады. Bloomberg дереккөздерінің сөзінше, Open AI оны ЖИ дәуірінде жасалған компьютердің жаңа типі тәрізді таныстырмақшы.

Гаджеттің басты артықшылығы – бір адамға бейімделе алатынында. Уақыт өте келе ЖИ иесінің әдеттерін әбден зерттеп, оның сұрауынсыз-ақ қажетті ақпарат ұсынып, қалауын алдын ала біліп отырады. Мәселен, күнде ескертусіз-ақ жұмысқа шығар алдында ауа-райы болжамын ұсынып, қажетті автобустың қай жерде келе жатқанын анықтап беруі мүмкін.

Колонкада қуаттағышы бар, яғни бір бөлмеден екінші бөлмеге еркін алып жүруге болады. Қосымша камера да орнатылуы мүмкін. Гаджет иесінің дауысын тыңдап, жауап береді, тіпті ары қарай әңгімені де жалғастыра береді.

OpenAI гаджетті осы жылы таныстырып, келесі жылдан бастап сатылымға шығаруы мүмкін. Бұл құрылғыны құрастырумен Apple-дің бұрынғы қызметкерлері айналысып жатқан көрінеді.

Еске салайық, Apple мен Open AI компаниялары қазір соттасып жатыр. Apple бұрынғы қызметкерлері жұмыстан кеткен соң бәсекелесіне қызметке орналысып, құпия деректерін жаңа гаджет шығаруға пайдаланып жатыр деп есептейді. OpenAI бұл айыптауларды жоққа шығарды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар