Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дастан Сәтбаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан өтетіні белгілі болды

kz.kursiv.media

Дастан Сәтбаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан өтетіні белгілі болды

Лондондық «Челсидің» 17 жасар қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтбаев осы аптада ағылшын клубының жейдесінде алғаш рет алаңға шығуы мүмкін. Бұл туралы Chelsea Mail басылымы хабарлады.

Қазіргі уақытта «Челсидің» негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы дайындықтан өтіп жатқан отандасымыз бас бапкер Хаби Алонсоның сеніміне кіруі мүмкін.

«Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо маусым алдындағы дайындық аясында екі жабық жолдастық кездесу ұйымдастырған. Бапкерлер штабы дәл осы ойындарда қазақстандық вундеркиндке мүмкіндік беріп, оның әлеуетін байқап көрмек.

Жолдастық ойындардың кестесі

19 шілде күні «Челси» «Кроули Таун» клубына қарсы ойнайды. Ал 23 шілде күні бейсенбіде лондондықтар «Бромли» ұжымымен күш сынасады.

Дәл осы кездесулерде Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы минуттарын өткізеде деп күтіліп отыр.

Оқи отырыңыз: Дастан Сәтбаев «Челси» медиа-блогының жұлдызына айналды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар