Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайда коронавирус шараларын сынаған қолданушылардың аккаунттары жабылып жатыр

azattyq.org

Қытайда коронавирус шараларын сынаған қолданушылардың аккаунттары жабылып жатыр

Қытайда орталық үкіметтің коронавирус шектеулерін сынаған мыңдаған қолданушының аккаунттары жабылған немесе жұмысы уақытша тоқтатылған.Билік індет басталғалы бері күшінде болған шектеу шараларын алып жатыр.8 қаңтардан бастап Пекин елден шыққысы келетін немесе өзге аймақтарға барғысы келетін азаматтарына қойылған ірі шектеулерден бас тартты. Шетел азаматтарына да қойылған шектеулер алынады.Қытайдағы танымал әлеуметтік желілердің бірі Sina Weibo платформаны пайдалану бойынша шамамен 13 мың ереже бұзу туралы хабарламаға "реакция білдіргенін" мәлімдеді. Компания өкілдерінің айтуынша, кейбір қолданушылар "сарапшылар мен ғалымдарға, медицина қызметкерлеріне шүйліккен". Санкцияға шамамен 1200 аккаунт ұшыраған.Associated Press жазуынша, індет кезінде Қытай коммунистік партиясы коронавирусқа қатысты қатаң шектеулерін ақтау үшін медициналық қауымдастыққа арқа сүйеген. Қатаң шаралардың басым бөлігі өткен айдың басында жойылған, ізінше індеттің ушыққаны жайлы хабар тарады.Еуроодақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада, Испания, Жапония қазір Қытайда басталған індеттің кезекті толқынына алаңдап отыр.Бірқатар ақпарат құралдары Қытайда күн сайын миллиондаған азаматқа коронавирус жұғып жатқанын, елде вирустан өлгендерді қабылдайтын крематорийлерде орын қалмағанын жазған. Пекин бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024