Түлектер білімі шектеулі болып тұр

Қаңтардағы ҰБТ-да 21 мыңнан астам түлек шекті балл жинай алмады. Бұл туралы «ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. «2023 жылы 123 мыңға жуық үміткер қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Түлектердің 77% – ы қазақ тілінде, 23% - ы орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинап, 21 мыңнан астамы (17%-ы) шекті балл жинай алмады», - деді Емелбаев. Ол атағандай, ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. «Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы 15-тен 20-ға ауысты, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат. Тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациясы - «Математика-Физика» (19%). Тапсырушылардың 18%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаса, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 10%-ы тапсырған», - деді Руслан Емелбаев.
- Соңғы
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 09
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 шілде 2025
4 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар