Еңбек адамының мәртебесін арттыру керек

«Әлем БТ» ЖШС – отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл қазақстандық шұлық-тоқыма зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аталмыш кәсіпорында жалғасты. ҚР Мәжілісі депутаттығына үміткер Алия Юсупова және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Кенжебаева Мадина, Тасмурзаев Абуали, Қайыпов Алмасходжа кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы әңгімеледі. – «AMANAT» – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы. Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман, ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап өткен болатын. Сондықтан «AMANAT» партиясы да әр адамның еңбек етуге мүмкіндігі болуы қажет, жұмыстан аман-сау қайтып, отбасымен бірге уақыт өткізіп, ертеңіне сенімді болуы керек деп есептейді. Ол үшін біз жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді қолға алып, еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етпекпіз. Партияның бағдарламасында зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ірі бизнес орындары қызметкерлерінің денсаулығын сақтау үшін шығындар мен жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Сонымен қатар, еліміздің барлық кәсіпорындарында медициналық пункттерді ашуды қарастырып отырмыз, – деді Алия Махсұтқызы өз сөзінде. Кездесу соңында кандидаттар ұжым қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысып, жетекші партия үшін дауыс беруге шақырды. Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған “AMANAT” партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
- Соңғы
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 09
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
6 шілде 2025
6 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар