Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тырнақ өсіріп, гельмен бояу зиян ба – санитар дәрігер жауабы

inform.kz

Тырнақ өсіріп, гельмен бояу зиян ба – санитар дәрігер жауабы

Гель жабыны нейл трендке айналып, бірнеше жылдан бері қыз-келіншектер арасында үлкен сұранысқа ие. Маникюрдың бұл түрі қалта көтерерлік, ең бастысы – әдемілігін ұзаққа дейін сақтайды. Бірақ, көпшілік оның оң тұстарынан басқа зиянды жақтары барын біле бермейді. «Гель лактар әдеттегіден гөрі төзімді келеді және тырнақ пластинасында бірнеше апта бойы сынбайтындай тығыз орналасады. Гель жабыны кәдімгі лак сияқты ауада өздігінен кеппейді, оны міндетті түрде LED шамының астында ұстап, кептіру қажет. Гельді кетіруге 10-15 минутқа дейін уақыт жұмсалады. Ал гель жағып, кептіргеннен кейін түзетулер енгізу мүмкін емес, не сол күйінде жүру керек, не бәрін бірден алып тастау қажет. Артықшылығы - жағымсыз иісі жоқ, маникюрдің үш аптаға дейін сақталуы, әдемі жылтыр түсінің болуы. Жалпы, гель жабыны акрилге қарағанда төзімді және икемді деп саналады», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Айгүл Мұрталимова. Маманның айтуынша, гель тырнақ пластинасын әлсіретуі мүмкін. Ұзақ уақыт маникюрдің осы түрін пайдаланғандықтан тырнақ жұқарып, сезімталдығы артады. «Тырнақ орны мен кутикула — тырнақтың ең маңызды аймақтары. Біріншісі тырнақ пластинасының қоректенуіне жауап береді, ал екіншісі қорғаныс функциясын орындайды. Сондықтан гель жабынын шешіп аларда мүмкіндігінше мұқият болу керек. Гельді кетіру үшін салонға барып, маманның көмегіне жүгінген жөн. Өздігінен жұлып алу тырнақ пластинасын зақымдайды, ал ол тез қалпына келмейді, оған орта есеппен жарты жыл уақыт керек», - дейді Айгүл Мұрталимова. Гель жабынын жиі пайдалану тырнақтың құрылымын бұзады, ылғалды жойып, кептіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан гель лакты екі-үш айда бір рет, тырнақты «демалдырып» қана пайдаланған жөн. «Гельдік маникюр кезінде тырнаққа мұқият күтім қажет. Тырнақ орны мен кутикулаға арнайы май мен ылғалдандырғышты жағыңыз. Сондай-ақ, тырнақтардың H2O тепе-теңдігін қалыпқа келтіретін және оларды пайдалы қоректік заттармен байытатын лактарды қолдану пайдалы. Ал гельді кептіруге арналған шам қауіпті ме, жоқ па? Бұл жайында пікір бұрыннан екіге айырылған. Өйткені, ультракүлгін сәулені қолданса, бұл қолдың терісіне ғана емес, жалпы денсаулыққа да кері әсер етеді. Алайда, көптеген брендтер мен кей сұлулық салондары бүгінде олардан бас тартып, жарықдиодты LED шамдарын қолданатын болған. Сондықтан қауіпсіздік үшін салонға барған кезде шебер іске кіріспей тұрып, көрсетілетін қызмет және қолданылатын жабдық жайында егжей-тегжей сұрап, басын ашып алған дұрыс», - дейді санитар дәрігер. Гель жабыны ұзаққа дейін сақталуы үшін бірнеше кеңесті естен шығармаған жөн. «Гель жабыны ыстық суға төзімсіз. Маникюрді ұзақ уақыт ыстық суда ұстау -одан құтылудың ең жақсы жолы. Ыстық ваннада ұзақ шомылу немесе маникюр жасатқаннан кейін алғашқы күндері саунаға бару - жабынның босауына әкелуі мүмкін, сондықтан ыдыс жуған кезде де қолғап киюді ұмытпаңыз. Гельдік лак тырнақ пластинасын бұзбауы үшін шебер оны маникюрге дұрыс дайындап, гельдік лакты қолдану мен алып тастау технологиясын сақтауы қажет. Үйді химиялық заттармен тазартып жуған кезде резеңке қолғап киіңіз, өйткені бұл өнімдердің құрамындағы агрессивті компоненттер тырнақ жабындысына әсер етуі мүмкін. Бұл ереже маникюрді ұзақ сақтауға ғана емес, сонымен қатар қол терісінің тез қартаюына жол бермейді. Гельдік лак қолданғаннан кейінгі алғашқы күні ұзақ су процедураларынан, парафин терапиясынан аулақ болыңыз», - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы Айгүл Мұрталимова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024