Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс табиғатқа жіберілді

kz.kursiv.media

«Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс табиғатқа жіберілді

2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Амур жолбарысының Үміт атты аналығы табиғи мекеніне жіберілді. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурсар министрі Ерлан Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі әрі «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Чуйченко, сондай-ақ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері мен ғалымдар қатысты.

«Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет ол өзінің тарихи мекеніне қайта жіберілді. Бұл – мемлекетіміздің, ресейлік әріптестеріміздің, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің көп жылғы бірлескен еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті Экология министрі Ерлан Нысанбаев.

Тарихи деректерге сүйенсек, Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің бойы бұрын Орталық Азиядағы ең ірі жыртқыш – Тұран жолбарысының табиғи мекені болған. Алайда ХХ ғасырдың ортасында тоғайлы ормандардың оталуы, азық қорының азаюы және браконьерлік салдарынан бұл жыртқыш толықтай жойылып кетті.

Заманауи молекулалық-генетикалық зерттеулер жойылған Тұран жолбарысы мен Амур жолбарысының генетикалық тұрғыдан өте жақын екенін дәлелдеген. Сол себепті ғылыми қауымдастық Амур жолбарысын реинтродукция (қайта жерсіндіру) жобасы үшін ең қолайлы түр ретінде таңдап алды.

10 жылда Балқаштағы табиғи экожүйе толық қалпына келтірілді. Жолбарыстың басты азығы саналатын жабайы тұяқты жануарлар саны арттырылды. Жануарларды ұстауға, бейімдеуге арналған арнайы вольерлер мен ғылыми мониторинг жүйесі құрылды.

2026 жылғы мамыр айында Ресейден Қазақстанға табиғи ортадан ауланған төрт Амур жолбарысы (екі ересек және 6–7 айлық екі бөлтірік) жеткізілген еді.

Табиғатқа жіберілер алдында Үміт есімді аналық жолбарыс кешенді ветеринариялық тексеруден өтіп, аңшылық қабілеті мен адамға реакциясы тексерілді. Жайлы бейімделуден соң оған заманауи GPS/GSM спутниктік қарғыбауы тағылып, табиғи ортаға жіберілді. Мамандар оның қозғалысы мен әрекетін фототұзақтар мен спутник арқылы тәулік бойы бақылап отыр.

Қазіргі уақытта аталық жолбарыс мамандардың бақылауында болып, мінез-құлық сынақтарынан өтіп жатыр. Дайын болған кезде табиғатқа жіберу шешімі қабылданады.

Сондай-ақ, екі кішкентай жолбарыс резерват вольерінде өсіп-жетілуде. Олар 18 айлық жасқа толғанға дейін арнайы күтімде болып, кейін жеке тексеруден өтеді.

A post shared by @minecology_kz

Қазақстан мен Ресейдің және халықаралық ұйымдардың бұл бірлескен жобасы – Іле өзенінің бойында жолбарыстардың өзіндік орнықты популяциясын қалыптастыруды көздейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар