Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тарылған Дунай суын АЭС-ке бұру үшін тау қопарылды

kz.kursiv.media

Тарылған Дунай суын АЭС-ке бұру үшін тау қопарылды

Шығыс Еуропа елдері Дунай өзенінің тарылуы салдарымен күресіп жатыр. Мәселен, Румыния суды АЭС-ке бұру үшін тау қопарса, Венгрия атом станциясын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Бухарест 28 шілдеде «Чернаводэ» румын АЭС-інің жұмысын ішінара тоқтатқан. Өйткені Еуропа одағындағы ең ірі өзен – Дунай суы тартылып, атом электр станциясын суытуға қажетті су жетпей қалған.

Мәселені шешу үшін армия дүйсенбі күні 180 келі жарылғыш затпен өзен ағысын бөгеп тұрған жартасты жарды. Сол арқылы су электр станциясына баратын арнаға қарай бұрылады.

Румыния билігі бұнымен тоқтамайды. Сәрсенбі күні жергілікті үкімет іші тасқа толы төрт баржаны өзенге батырады. Жасанды бөгет Дунай ағысын «Чернаводэге» қарай бұрады.

Бұл уақытта Венгрия үкіметі де 2 тамызда «Пакш» АЭС-інің жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Себеп – өзен суы станцияға жетпей тұр. 44 жыл бойы тоқтаусыз қызмет етіп келген «Пакш» гүрілі алғаш рет тынды. Соған байланысты Будапешт электр қуатын жаппай үнемдеуге көшті.

Дунай өзенінің рекордтық деңгейге дейін тартылып қалуына Еуропадағы өте қатты құрғақшылық пен қалыптан тыс ыстық ауа райы себеп болды. 2026 жылғы шілде-тамыз айларында өзен деңгейі кейінгі 30-50 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсіп кетті. Оның үстіне Альпі тауларындағы мұздықтар жылдан жылға азайып келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар