Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада инвестициялық алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

kz.kursiv.media

Астанада инвестициялық алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Астанада тендерлік жобаларға инвестиция салу сылтауымен бірнеше алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. 11 жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 35 млн теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам TikTok және Threads желілерінде жоғары кірісті инвестициялар туралы хабарландырулар орналастырған. Қызығушылық танытқан пайдаланушыларды бейнеқоңыраулар кезінде ресми ынтымақтастық пен тез пайда табуға уәде беріп, ақша салуға көндірген.

Күдікті өз ниетін растау үшін клиенттермен нотариалды куәландырылған келісімшарттар жасасқан. Тергеудің мәлімдеуінше, ол ірі көлемдегі ақшаны алғаннан кейін міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз қалауынша жұмсаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр және оның осыған ұқсас басқа да қылмыстық оқиғаларға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Ведомство азаматтарды инвестициялық жобалар туралы ақпаратты тексеруге, кепілдік берілген жоғары табыс туралы уәделерге сенбеуге және танымайтын адамдарға ақша аудармауға шақырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар