Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк шілдеде зейнетақы қоры үшін 375 млн доллар сатып алған

kz.kursiv.media

Ұлттық банк шілдеде зейнетақы қоры үшін 375 млн доллар сатып алған

Ұлттық банк шілдеде Ұлттық қордан 500 млн доллар алған. Бұл қаржы жыл соңына дейін бюджет қажеттілігі үшін 2026 жыл соңына дейін біркелкі сатылады, деп хабарлайды бас банк.

Өткен айда қордан 200 млн доллар сатылған. Тамыз айында 200-300 млн доллар сатылуы ықтимал. Теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 473,81 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайған.

Шілдеде теңестіру операциялары шеңберінде шамамен 374 млрд теңге алынды. Тамыз бойы осы мақсатта 374 млрд теңге баламасында валюта сатылмақ. Ал квазимемлекеттік компаниялар экспорттан түскен түсімінің 195 млм долларын биржаға шығарған. Алайда шілденің ортасынан бері ірі компаниялардың түсімінің 50 пайызын қор биржасында сату талабы жойылған.

Бұл ретте бас банк зейнетеқы қоры үшін 375 млм доллар сатып алған.

«Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру мақсатында шілде айында биржадағы сауда-саттықта жалпы сомасы 375 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 4,4%-ын құраған шетел валютасын сатып алды. Алдағы шешімдер зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шеңберінде нарықтағы ахуалды ескере отырып қабылданады», – делінген хабарламада.

Маусым айында да БЖЗҚ үшін 92 млм лоллар сатып алынған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар