Банктер бизнеске көбірек қарыз бере бастады ма
Қазақстандағы 23 банк маусымда халыққа 4 трлн теңгеден аса кредит берген. Бұл 2025 жылдың маусым айымен салыстырғанда 18,7 пайызға артық. Бұл несиенің басым бөлігін бизнес емес, қарапайым халық алған.
Қаржы нарағын реттеу және дамыту агенттігінің дерегіне сәйкес, маусым айының нәтижесінде банктер берген кредит жалпы 42 трлн теңгеге жетіп қалған. Бұл несиенің 25,8 трлн теңгесі – халықтың алған қарызы. Бұның ішінде 17,3 трлн теңгесі – тұтынушылық несие.
Өткен айда халықтың кепілсіз несие мен ипотекаға деген сұранысы артқан. Маусымда рәсімделген ипотека көлемі 2 пайызға жуық өсіп, жалпы 7,4 трлн теңгеге жеткен.
Ал бизнестің мойнындағы несиесі 16,1 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте елдегі шағын және орта бизнес өкілдері банктен кредитті көбірек алған.
Шағын және орта кәсіпкерлердің банк алдындағы борышы 7,8 трлн теңгені құрайды. Ал ірі бизнес алған кредит 5 трлн теңге болса, жеке кәсіп иелерінің несие портфелі 3,3 трлн теңгеге жеткен.
Маусым айында банктер кредиттің пайыздық мөлшелемесін сәл түсірген.
Графикте банктердің халық пен бизнеске берген жинақталған кредит портфелі көрсетілген. Өсім қарқыны әр айдағы портфель көлемін өткен жылдың тиісті айымен салыстыру арқылы есептелді. 2026 жылғы маусымда бизнес кредиттерінің портфелі бір жылда 17,1%-ға, ал халық кредиттерінің портфелі 14,5%-ға өсті.
Қазақстанда халық пен бизнеске берілген кредит көлемі өсуін жалғастырып келеді. Алайда өсім қарқыны өзгерген: 2023 жылдың басында халық кредиттері жылына 30%-дан астам артса, 2026 жылғы маусымда бұл көрсеткіш 14,5%-ға дейін баяулады.
Ал бизнеске берілген кредиттердің жылдық өсімі 17,1%-ға жетіп, халық кредиттерінен жоғары болды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 тамыз 2026