Қазақстан 11 айда 14 млн тоннаға жуық астық пен ұн экспорттады
2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың шілде аралығында Қазақстан 13,9 млн тоннаға астық пен ұн экспорттады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, көрсеткіш өткен маусыммен салыстырғанда 12,6%-ға өскен. Бір жыл бұрын шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген еді.
Өсімнің басты қозғаушы күші Орталық Азия аймағындағы дәстүрлі импортер елдер мен Ауғанстан болды.
«Өзбекстанға экспорт 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаны, Қырғызстанға 35%-ға өсіп, 528 мың тоннаны, Ауғанстанға 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаны, ал Түркіменстанға 32%-ға өсіп, 220 мың тоннаны құрады», – делінген АШМ хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, жүк тасымалының оң динамикасы отандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген жоғары сұранысты дәлелдейді.
Бұған дейін Қазақстан зығыр экспорты бойынша тарихи рекорд орнатты. 2025/26 маркетингтік жылының қыркүйек–мамыр айларында ел шетелге 1,08 млн тоннадан астам зығыр тұқымын экспорттаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 тамыз 2026